Екібастұздағы жылу энергетика орталығында 6 қазандық жұмыс істеп тұр. 129 көпқабатты және 114 жеке үйді, 11 әлеуметтік нысанды жылумен жабдықтау қалпына келтірілді. Апат жылу желілеріндегі суды шамадан тыс көп қолданғандықтан болған. Салдарынан жылу энергетика орталығындағы қазандық агрегаттары тоқтады. Оқиға салдарын жою бойынша шұғыл түрде штаб құрылды. Апатты жою үшін министрлік жедел шара қолданды, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, энергетика министрлігінің мәліметінше Екібастұздағы жылу желілерінің 70% әбден тозған.
