Бұл туралы Рrimeminister.kz сайты хабарлады.
Екібастұздағы жағдайға қатысты. Жексенбі, 27 қарашада, жылу желілеріндегі желілік суды көп тұтынуға байланысты қалалық ЖЭО-да қазандық агрегаттары тоқтады. Оқиға салдарын жою бойынша шұғыл түрде штаб құрылды, апаттық-қалпына келтіру жұмыстары басталып, жедел желі ашылды. 28 қараша, сағат 11:00-дегі жағдай бойынша ЖЭО-да 6 қазандық жұмыс істеп тұр. 129 көпқабатты және 114 жеке үйді, 11 әлеуметтік нысанды жылумен жабдықтау қалпына келтірілді, — делінген хабарламада.
Проблемалық энергетикалық нысандардың қызметі мәселелері бойынша жұмыс биыл наурызда құрылған экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия шеңберінде де жалғасады.
Жалпы, осы уақыт ішінде республика меншігіне телекоммуникация, теміржол инфрақұрылымы (439 кірме т/ж жолдары) және экология салаларындағы 10 ірі компанияның акциялар пакеті мен қатысу үлесі қайтарылды. Тау-кен өнеркәсібі саласындағы 142 кірме т/ж жолдары мен активтері бар 28 компанияның қатысу үлесі мемлекет меншігіне қайтару сатысында. Тағы 20 нысан бойынша пысықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр, оның ішінде бірқатар ЖЭО, мұнай-газ және т/ж секторларының өндірістік объектілері, логистикалық, машина жасау активтері және т.б. бар, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Әлихан Смайыловқа қалалардағы проблемалық энергетикалық активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесін қарауды тапсырған болатын.
