Тиісті жарлық Ақорданың сайтында жарияланды.
Сәкен Сайынұлы Исабеков Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалсын, — делінген жарлықта.
Еске салайық, Сәкен Исабеков биыл қаңтарда мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары — Қазақстан Республикасы президентінің күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатылып, мемлекеттік күзет қызметінің басшысы болған Ермек Сағымбаевтың орнына тағайындалған болатын.