Басты бетЖаңалықтарЖыл басынан бері 15,6 мыңнан астам этникалық қазақ елге оралды

Жыл басынан бері 15,6 мыңнан астам этникалық қазақ елге оралды

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Қандастардың жартысынан көбі (65,2%) – Өзбекстаннан, 9,2% – Қытайдан, 8,8% – Ресейден, 8% – Түрікменстаннан, 4,8% – Моңғолиядан және 4% басқа елдерден келген.

Елге оралған этникалық қазақтар, негізінен, Алматы (28,1%), Маңғыстау (16,3%), Түркістан (8,7%) және Жамбыл (6,1%) облыстарына, сонымен қатар Астана (9%), Шымкент (6,9%) және Алматы (5,5%) қалаларына қоныстанды, — делінген хабарламада.

1 қарашадағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 59,6%-ті, еңбекке қабілетті жастан кіші – 26,7%-ті және зейнеткерлер 13,7%-ті құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың арасында білім деңгейі бойынша 16%-і – жоғары білімді, 39%-і – орта кәсіби білімді, 43,1%-і – жалпы орта білімді, ал 1,9%-інің білімі жоқ, — делінген хабарламада.

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 103,5 мың этникалық қазақ оралды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да