Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Азаматтық қорғау туралы заңның 48-бабына сәйкес, Екібастұз аумағында жергілікті ауқымда техногендік сипаттағы төтенше жағдай енгізіледі, — делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, 17 қабатты тұрғын үй, бес әлеуметтік және 21 заңды нысан әлі де жылусыз отыр.
Еске салайық, осыған дейін Екібастұз ЖЭО-сында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалғанын хабарлағанбыз.