Басты бетЖаңалықтарАлматының Медеу...

Алматының Медеу шатқалына автобус жиі қатынайтын болды

Алматы қалалық мобилділік басқармасының мәліметінше, тау-шаңғы маусымының ашылуына байланысты 26 қарашадан бастап №12 туристік маршрут жұмысы күшейтілді.

Енді бұл маршрут бойынша 10 минуттық интервалмен демалыс күндері 20, жұмыс күндері 16 автобус қызмет көрсетеді. Маршрут Алматы-2 темір жол вокзалынан басталып, Абылай хан даңғылымен жоғары көтеріліп, Абай даңғылымен жүріп, Медеу мұз айдынына дейін барады. Медеуден соңғы автобус түнгі сағат 00:30-да шығады, — делінген хабарламада.