Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қараша күні ресми сапармен Ресей Федерациясына барады.
Мемлекет басшысы Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізеді. Сонымен қатар екі ел басшылары Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына бейнебайланыс режимінде қатысады.
29-30 қараша күндері Қазақстан президенті Францияға ресми сапармен барады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Парижде Франция президенті Эмманюэль Макронмен келіссөз жүргізеді деп жоспарланып отыр.
Келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективалары талқыланады. Сонымен қатар мемлекет басшысы Францияның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.