Бұл туралы Еnergyprom.kz сайты хабарлады.
Оның ішінде жаңа піскен немесе салқындатылған балық 17,4%, мұздатылған балық 16%, өңделген және консервіленген балық 31,3% қымбаттады.
Өңірлік тұрғыда балық пен теңіз өнімдері бағасының өсуін Павлодар (42,5%) және Маңғыстау (38,1%) облыстарының, сонымен қатар Шымкент қаласының (32,5%) тұрғындары қатты сезінді. Ең аз жылдық баға өсімі Абай ауданында тіркелді: 12,9%
Қаңтар-қазан айларында елімізде 40,3 мың тонна жаңа, салқындатылған және мұздатылған балық өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,6% артық. Негізгі өнім Атырау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарында шоғырланған: тиісінше 11 мың, 9,2 мың және 8,3 мың тонна, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар басқа әдіспен дайындалған немесе консервіленген 8,8 мың тонна балық, уылдырық және оның алмастырғыштары өндірілді – бір жыл бұрынғыдан бірден 22,2% аз.
Өндірістің ең көп көлемі Түркістан облысына тиесілі: 3,4 мың тонна, плюс 56,7%. Үздік үштікке сонымен қатар Батыс Қазақстан (2,2 мың тонна, жылына — 6,3%) және Шығыс Қазақстан (702 тонна, — 23,9%) облыстары кірді. Қазақстандықтар балық пен теңіз өнімдерін аз тұтына бастады. Сүт және сүт өнімдері сияқты маңызды азық-түлік топтарын тұтыну 6,3%, нан және жарма өнімдерін – 4,7%, ет және ет өнімдерін – 1,7% төмендеді, — делінген хабарламада.