Google компаниясы неліктен Uber сервисін сотқа берді?

Google компаниясының экс-қызметкері Энтони Левандовски қызметінен кетуінің алдында 14 мыңнан аса құпия файлды ұрлап алған. Ол файлдарда Waymo жүйесінің түрлі аппаратының арнайы сызбалары бар. Соның ішінде лидар сызбасы да алынған. Кейін ол бұл материалдарды Uber-дегі стартапында қолдана бастаған. Ал Alphabet Inc. пилотсыз автомобильдерге арналған технология өндіруге маманданған Waymo компаниясын құрған болатын. Бұл компания Uber-ді және Google-дің бұрынғы қызметкерлерін лидар жүйесін ұрлады деп айыптаған.

«Бұл әрекеттерді Waymo-ның зияткер мүлкін және коммерциялық құпияларын иелену мақсатындағы нақты жоспар болды деп есептейміз», — дейді Google өкілдері.

ДереккөзEgemen.kz