Басты бет / Жаңалықтар /
88183b946cc5f0e8c96b2e66e1c74a7e 23 Түркістан облысындағы су қоймаларынан келер қауіп жоқ
Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Түркістан облысындағы су қоймаларынан келер қауіп жоқ

Облыс аумағындағы су тасқынының алдын алу мақсатында өңір әкімі Дархан Сатыбалды, оның бірінші орынбасары Арман Жетпісбай және төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Нұрғали Жүнісов Сауран, Төлеби, Түлкібас аудандарында орналасқан су қоймалар мен таудағы қар қоры, мұздақ көлдердің қазіргі жағдайын қарап, тікұшақпен аэровизуал шолу жасады.

28c5637b237d55031f1b3772d731c041 9 Түркістан облысындағы су қоймаларынан келер қауіп жоқ
Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мамандар су қоймаларының жай-күйін зерделеді. Тексеру нәтижелері бойынша облыстағы су қоймалардан келер қауіп жоқ екені анықталды.

Өңір басшысы су көзі тұрақты жағдайда болса да, қауіпсіздікті сақтау бағытындағы жұмыстар тоқтамауға тиіс екенін айтып, жауапты азаматтарға тиісті тапсырмалар берді.

Мақала туралы ойыңыз?