Қазақстанда Үндістан азаматын ұрлап әкеткендер ұсталды

Қарағандылық полицейлер Үндістан азаматын ұрлап әкеткендерді ұстады. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады. 

Қарағанды полициясына Үндістанның 27 жастағы азаматы арызбен шағымданып, белгісіз біреулер күштеп автокөлікке отырғызып, Астанаға алып кеткені туралы хабарлаған. Елордада шетел азаматын пәтерге апарып, қорқытып, күш қолданып, босату үшін 200 мың АҚШ долларын талап еткен.

Қарағанды облыстық полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Астанадағы жалдамалы пәтерлердің бірі анықталып, ол жерден бопсалау, адамды ұрлап әкету күдігімен жастары 26 мен 34 жас аралықтарындағы төрт өзбекстандық азамат ұсталды. Қазіргі уақытта адам ұрлау, заңсыз бас бостандығынан айыру және бопсалау баптарымен соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деді Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз