Министр: Қазақстаннан шетелге ұшу арзандайды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев шетел лоукостерін тарту арқылы елімізде әуе көлігіне билет құны арзандайтынын айтты.

Қазір тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Бізде ұлттық оператор сегменті бар, сонымен қатар лоукостер сегменті ескерілген. Атап айтқанда, «ашық аспан» режимі аясында жолаушыларды тасымалдауға қатысты тиісті рұқсат тәсілдерін енгіземіз. Мәселен, лоукостерлер бір елден ұшып келіп, біздің ел арқылы басқа мемлекетке сапарлай алады, яғни Еуропаға немесе Түркияға әуе көлігімен бару мүмкіндігі қамтылады. Лоукостер болғандықтан, билет құны әлдеқайда арзан болады. Бұл қадамдарды келесі жылдан бастап іске асыру жоспарланып отыр, — деді Өскенбаев тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Осы орайда ол еліміз арқылы транзитті әлемде танылған лоукостерлер жүзеге асыратынын нақтылады.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз