Қазақстан азаматтары шетел көліктерін тіркеу үшін 200 мың теңге төлейді

Енді Қазақстанда шетелдік көлікті бастапқы есепке 200 мың теңгеге қоюға болады. Жалғыз шарт көлік 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін елге әкелінуі керек. Сенат заң қабылдады, ол мемлекет басшысына қол қоюға жіберілді.

2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көліктерді заңдастыру мақсатында алғашқы тіркеу үшін бірыңғай төлем құнын белгілеу 300 мыңға жуық автокөлікті есепке қоюға мүмкіндік береді, сонымен қатар жергілікті бюджетті көлікке салынатын салықпен толықтырады, — деді депутат Ғұмар Дүйсембаев.

Сенатордың айтуынша, өзгерістер салық төлеушілерге, мемлекет мүддесіне, сонымен қатар ел экономикасына оң әсер етеді.

Айта кетейік, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға 1 қыркүйекке дейін әкелінген көліктерді тіркеу үшін біржолғы шара ұсынған енді.