Cенатта көлік мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгеріс енгізу мәселесі қаралды. Соның бірі – жолаушылар ұшағы кешіккені үшін қосымша шара қолдану.
Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, енді ұшақ кешіккен жағдайда билет құнының бір бөлігін қайтарып алуға мүмкіндік болады.
Заңға қосымша өзгеріс енгізіліп отыр. Әуе компаниясының кінәсінен ұшақ уақытында ұшпаса, әр сағатына билет ақысының 3% қайтаруы керек, — деді министр сенат отырысында.
Оның айтуынша, жолаушы алдымен әуе компаниясына арыз жазады. Одан нәтиже шықпаса, сот арқылы өз ақшасын өндіре алады.