Ғылым, мәдениет және медиа саласындағы 33 жасқа мемлекеттік грант беріледі

Грант «Ғылым», «Мәдениет», «Ақпараттық технологиялар, «Бизнес», «Медиа» бағыттары бойынша беріледі.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты 2021 жылдан бері президент тапсырмасымен жүзеге асырылып келеді. Жеңімпаздар — негізінен өңірлердегі жастар.

Сонымен қатар 10 номинация бойынша беріліп келе жатқан «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы иегерлерінің де аты-жөні жуырда белгілі болды. Бұл туралы үкімет қаулысы жуықта шыққан болатын.

«Отыз жыл ішінде 300-ден астам жас «Дарын» сыйлығының иегері атанды. Мұның ішінде маңғыстаулық жас таланттар да бар», — деді министр Дархан Қыдырәлі Ақтаудағы Zhas Project форумында.

ДереккөзEl.kz