Басты бетЖаңалықтарПарламент үш...

Парламент үш жылға арналған бюджетті қабылдады

Сенат жалпы сомасы 71,8 миллиард теңге болатын 57 түзету енгізді, оның ішінде 2023 жылы — 30 миллиард теңге, 2024 жылы — 29 миллиард теңге, 2025 жылы — 12,8 миллиард теңге.

Бұл шығыстар жолдарды дамытуға, халықты ауызсумен және табиғи газбен қамтамасыз етуге бағытталған.

Сенат енгізген түзетулер республикалық бюджет жобасы параметрлерінің теңгерімін бұзбайды және экономиканы одан әрі тұрақты дамытуға және мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді шешуге бағытталған. Қаржы және бюджет комитеті «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасына ҚР парламенті сенаты енгізген өзгерістер мен толықтыруларды келісу туралы ұсыныс жасады, — деді қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Анатолий Бойчин.

Құжат президенттің қол қоюына жіберілді.