Басты бет Жаңалықтар Наурыздан бастап Қазақстанда жасалған Nexia көліктері сатылады

Наурыздан бастап Қазақстанда жасалған Nexia көліктері сатылады

Қостанай қаласындағы «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» кәсіпорны 22 наурыздан бастап Ravon Nexia R3 көлігін шығара бастайды, деп хабарлады Naryk.kz.

Бұл жаңалықпен Ташкентте өткен Қазақстан мен Өзбекстанның үкіметаралық екіжақты комиссиясының 16-шы отырысында AllurGroup президенті Андрей Лаврентьев бөлісті. Оның айтуынша, осы жоба бойынша GM Korea компаниясымен лицензиялық келісімге қол қойылмақ.

Қазіргі уақытта Ravon Nexia R3 көлігі елмізде ең көп сатылған жаңа көліктердің тізімін бастап тұр. Сонымен қатар, Қазақстанда өндірілген бұл көліктерге жеңілдетілген несие бар.

Nexia-лар, көлік, машина

«СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» алғашқы кезеңде жылына 7000 Нексия шығарады. Ал кейін конвейерден Chevrolet Spark моделі де шығарыла бастамақ. Айта кетейік, 2017 жылдың қаңтарында Қазақстанда 124 жаңа Нексия сатылған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version