«Денсаулық» зиянды азайту ассоциациясында негізгі қауіпті ғылыми түрде дәлелденген және дәстүрлі темекіге қарағанда зияны азырақ баламасы болатын көпреттік қайта қуатталатын электрон темекі және табак қыздырылатын өнімдер емес, бағасы жағынан қолжетімді және жастар арасында танымал «бірреттік» вейптер келтіретініне сенімді.
Жуырда президент Тоқаев 21 жасқа толмағандарға алкоголь және никотині бар өнімдерді сатуға тыйым салу жөніндегі шараларды күшейту қажет екенін айтты. Сонымен бірге мемлекет басшысы мектеп оқушыларының жылдам таралып жатқан эпидемияға айналған «бірреттікті» шегуіне алаңдады. Оны медициналық сараптамалық қауымдастық та толық қолдайды, бірақ бұл жерде осы саладағы оңтайлы халықаралық тәжірибеге назар аударуға шақырады.
«Темекінің басты проблемасы – түтін түзілетін жану үрдісі, ал электрон темекі және табагы қыздырылатын өнімдер түтінсіз өнім боландықтан, темекі шегудің жақсы баламасы болып отыр. Дегенмен олардың қандай да бір дәрежеде зияны бар екенін ескерген жөн. 2021 жылдан бастап Австралияда жалпы терапия дәрігерлеріне келешекте шылым тартудан мүлдем бас тарту мақсатында зияны азырақ баламаға ауысу құралы ретінде электрон темекіні ұсынуға рұқсат етілген», — деді «Денсаулық» ассоциациясының басшысы Бақыт Түменова.
Баламалы өнімдердің зиянының төмендеу әлеуеті жекелеген авторлардың да, Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) өткізген зерттеуді қоса алғанда, бірқатар халықаралық институттың да зерттеуімен расталып отыр. ЕЭК есебінен алынғандай: «Табакты қыздыратын өнімдер шығаратын аэрозольдің зиянды заттарының деңгейі темекі түтініне қарағанда әлдеқайда төмен екендігін растайды».
Кейбір елдерде, атап айтқанда Ұлыбританияда, жанбайтын табак өнімдері темекімен күресудің бір шарасы болып есептеледі. 2017 жылдың шілде айында Ұлыбританияның денсаулық сақтау департаменті «Түтінсіз ұрпақ жолында» атты табакты бақылау жөніндегі жол картасын жариялады, оның аясында негізгі тіреу тыйым салу сипатындағы шараларға емес, табак пайланағаннан зиянды азайту тәсілі ретінде инновациялық өнімдерге жасалған. Соған сәйкес, Ұлыбританияның денсаулық сақтау департаменті «Электрон темекі және қыздырылатын табак өнімдері бойынша дәлелдемелерге шолу-2018» есебі жасалды. Есептің басты хабарламаларының бірі жанбайтын баламаларын пайдаланған кезде қатерлі ісік ауруының даму әлеуеті дәстүрлі темекіні шеккенге қарағанда 0,5% төмен, сонымен бірге жүрек-қантамыр ауруларының және өкпе ауруларының даму қаупінің төмендеуінің жоғары ықтималдығы бар деген тұжырымдау болды.
«Айтарлықтай көрнекі жағдай Жапонияда байқалып отыр. Зерттеу жүргізіліп, елде қыздырылатын табак өнімдерін енгізу мен оның халық денсаулығына тигізетін нақты салдарлары арасындағы уақытша байланыс зерттелді. Атап айтқанда, темекі шегумен байланысты кейбір аурулар жөнінде ауруханаға жатқызу жиілігі сияқты жағдайлар. Негізінен, бұл созылмалы обструктив өкпе ауруы (СОӨА) және жүрек-қантамыр аурулары. Жапон медициналық деректер орталығынан (JMDC) деректер алынып, оған 2020 жылдың сәуір айына дейін 7,3 субъект енген. Нәтижесінде нарықта қыздырылатын табак өнімдері пайда болғаннан бері елде (СОӨА) және ЖҚА бойынша ауруханаға жатқызу көрсеткіштерінің төмендеуі байқалған» — деді «Денсаулық» сарапшысы, дәрігер Гинтаутас Кентра.
Бұл жерде темекінің зияны азырақ баламалары қандай да бір себептермен темекіден бас тартқысы келмейтін немесе бас тарта алмайтын ересек темекі шегушілерге арналғанын түсінген жөн. Реттелмейтін және кәдімгі дүкеннен алуға болатын бірреттік вейптер жастарды қызықтырып отыр. Сондықтан оларға сарапшылар тыйым салады, ал қалған өнімдерге тыйым салуға емес, ересектердің ғылыми дәлелденген зияны азырақ баламаларын таңдау мүмкіндігін жоймас үшін қатаңдау реттеуге кеңес береді.