Басты бетЖаңалықтарТүлкібастық көпбалалы...

Түлкібастық көпбалалы ана медициналық орталық ашты

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оның ішінде, 29 азамат жастар болса, 37 азамат осал топтағы кәсіпкерлер.

Қайтарымсыз қаржыға қол жеткізгендердің бірі — бес баланың анасы Камила Қарашаева.

Өзінің бизнес идеясын арнайы құрылған комиссияда қорғап шыққан көпбалалы ана шағын медициналық қызмет көрсету орталығын ашқан. Қазіргі таңда қосымша төрт адамды жұмыспен қамтып отыр.

Аудан орталығынан ынғайлы ғимаратты жалға алған кәсіпкер балаларға логопед, дефектолог, легомассаж, иппотерапия, невропатолог салалары бойынша медициналық қызмет көрсетіп жатыр.

Аталған орталықтың ашылуына аудан әкімінің орынбасары Е.Орманов пен ауылдық округ әкімі Қ.Ахметов арнайы қатысып, тұрғындар игілігі үшін маңызды кәсіптің өркендеуіне тілектестік білдірді.