Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.
Коронавирусқа қарсы QazVac және Sinopharm вакциналарының 500 мың дозасы бар. Сонымен қатар гуманитарлық көмек ретінде Pfizer вакцинасын аламыз. Қазір құжаттарға қол қойып жатырмыз. Келесі аптада бізде Pfizer вакцинасының қанша дозасы бар екенін жариялаймыз, — деді министр үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап беріп.
Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, екпе науқаны емханаларда жүргізіледі.