Басты бет Жаңалықтар Алматыда «Медеу» мұз айдынындағы автотұрақ уақытша тегін болады

Алматыда «Медеу» мұз айдынындағы автотұрақ уақытша тегін болады

Алматыда «Медеу» мұз айдынының маңындағы автотұрақта операторды ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр. 

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Бұл туралы «Шымбұлақ» тау курортының баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 қараша мен 5 желтоқсан аралығында паркингіде ескі жабдықтарды заманауи жабдықтарға ауыстыру жұмыстары жоспар бойынша жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты қазіргі уақытта паркинг аумағында тұрақ ақысы алынбайды.

2022 жылдың 5 желтоқсанынан бастап жабдықтар ауысқан соң, тұрақтың құны өзгерместен паркинг өз жұмысын штаттық режимде қайта бастайды, — делінген хабарламада.

Еске салайық, «Медеу» маңындағы тұрақ 2021 жылы көктемде ақылы болған еді. Бағасы — сағатына 100 теңге.

Exit mobile version