Басты бет Жаңалықтар Медеу мен Шымбұлақ жолдарына бақылау бекеттері қойылды

Медеу мен Шымбұлақ жолдарына бақылау бекеттері қойылды

ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің «Казселезащита» ММ биік таулы «Медеу» мұз айдыны маңында және Шымбұлақ – Тұйық су жолының бойына бөгет орнатты.

Фото: Алматы ТЖД баспасөз қызметі

Бұл туралы Алматы төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Биіктік пен Кіші және Үлкен Алматы өзендерінің бассейндеріндегі қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты 25-28 наурыз аралығында қар көшкіні жүру қаупі сақталады, — делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, 24 наурызда сағат 08:40-тан 10:40-қа дейін «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Кіші Алматы өзені бассейнінде қар көшкінін алдын алу жұмыстары жүргізілді.

Жұмыстардың нәтижесінде 600 текше метр қар массасы төгілді,- делінген хабарламада.

Осыған байланысты қалалық ТЖД туристер мен демалушыларды таулы аймақта серуендеуден бас тартуды сұрайды.

Exit mobile version