Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда экспорттың...

Қазақстанда экспорттың рекордтық көлемі тіркелді

Бұл туралы ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан экспортының номиналды көлемі – 63,8 миллиард доллар. Бұл 2021 жылдың 9 айымен салыстырғанда 47,5% артық (43,3 миллиард доллар). ERI есептеулері бойынша, ҚР экспортының нақты өсімі негізгі экспорттық позициялардың бағасы жоғары болуына байланысты шамамен 2,8-3% құрайды. Мұнайдың тоннамен жеткізілуі небәрі 1,6%, экспорттық түсімдер 63,4% өсті.

Елдер бойынша экспорт:

— Италияға 84%-ке, яғни 11,2 миллиард долларға;
— Қытайға 43%-ке, яғни 10,3 миллиард долларға;
— Ресейге 15%-ке, яғни 5,9 миллиард долларға;
— Нидерландыға 24%-ке, яғни 4,1 миллиард долларға;
— Кореяға 2,9 есе, яғни 3,6 миллиард долларға;
— Түркияға 71%-ке, яғни 3,6 миллиард долларға;
— Өзбекстанға 36%, яғни 2,6 миллиард долларға дейін өсті.

2022 жылғы 9 айдағы ҚР экспортының құны (63,8 миллиард доллар) алдыңғы 7 жылдағы жеткізілімдердің жылдық көлемінен асып түсті. Жылдық көлемде соңғы рет өсім 2014 жылы (79,5 миллиард доллар) көп болды.