Басты бетЖаңалықтарҚазақстан мен...

Қазақстан мен Өзбекстан шекараны демаркациялау шартын дайындады

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров 14-19 қараша аралығында Ташкентте бірлескен Қазақстан-Өзбекстан демаркациялық комиссиясындағы қазақ-өзбек үкіметтік делегацияларының отырысы өткенін еске салды. Жиында екі ел арасындағы шекараға белгі қою мәселелері қаралған.

Тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шартттың жобасын, аталған шартқа қосымша шекараны демаркациялау туралы қорытынды шарттардың жобаларын қол қоюға дайындады, — деді Смадияров сыртқы істер министрлігінде өткен апта сайынғы брифингте.

Сонымен қатар тараптар Бірлескен Қазақстан-Өзбекстан демаркациялық комиссиясының жұмысы туралы қорытынды хаттамаға қол қойды.

Келіссөздер достық пен өзара түсіністік сипатында өтті, — деді Қазақстан сыртқы саяси ведомствоның өкілі.

Смадияровтың айтуынша, шартқа сәйкес Қазақстанның Өзбекстанмен шекарасы демаркацияланады.