ОСК: Сайлаушылардың 50% астамы дауыс берді

Бұл туралы ҚР орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина айтты.

Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың аумақтық комиссиялардың мәліметі бойынша сағат 10.00-дегі жағдай бойынша президент сайлауында дауыс беру тізіміне енгізілген азаматтардың 51,16-і немесе 6 113 621 азамат бюллетень алды, — деп мәлімдеді орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сабила Мұстафина.

Айта кетейік, кезектен тыс президент сайлауында бүкіл ел бойынша 10 101 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Шетелде жүрген қазақстандықтар үшін 53 мемлекетте 68 сайлау комиссиясы құрылды.

Кезектен тыс президент сайлауында 11 миллион 950 мың 485 адам дауыс бере алады.