Алматы – Анкара бағытында жаңа рейс ашылды

Рейстерді «AnadoluJet» тасымалдаушысы аптасына 2 рейс жиілігімен В-737 үлгісіндегі әуе кемелерінде орындайтын болады.

Рейстің ашылуы Қазақстан мен Түркия арасындағы сауданы, туризмді, бизнесті дамытуға оң әсерін тигізеді.

Президентінің тапсырмасы бойынша шілдеде Қазақстан мен Түркияның авиациялық билігі екі ел арасындағы рейсердің санын ұлғайту жөнінде келіссөздер жүргізді.

Аталмыш бағыт сол келісімді жүзеге асыру аясында ашылды.