Журналист экс-президент Назарбаевтан «Астанада Кәрім Мәсімовтің соты басталғанын естіген боларсыз? Қанша дегенмен сіздің адамыңыз ғой, сіз сот туралы не айта аласыз және ол кінәлі болса, оның артында кім тұр?» деп сұрады.
«Мені де қатты қызықтырады, тергеу мен соттың аяқталуын күтемін. Мұның себебі неде және оның артында кім тұр? Өте қиын. Мәсімов менімен көп жыл бойы жұмыс істеді, бірақ кім білген, Иса пайғамбар жанында сатқын отырғанын білді ме? Біз Құдай емеспіз. Сондықтан соттың аяқталуын күтеміз және бәріміз шындықты білеміз деп ойлаймын», — деді Назарбаев.
Айта кетейік, Астанада 18 қарашада ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-басшысы Кәрім Мәсімовтің ісі бойынша сот процесі басталды. Іс бойынша ақпарат жария етілмейді, сот тергеуі де тергеудің өзі сияқты құпия өтіп жатыр.