Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 20 қарашада елорда уақытымен сағат 8.15-тегі жағдай бойынша барлық өңірде 1033 учаскеде дауыс беру басталды, — деді орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман.
Сонымен қатар Қазақстанның 16 шет мемлекеттегі өкілдіктері жанынан 17 учаске ашылды. Осылайша президент сайлауында барлығы 1 050 учаске жұмыс істеп тұр.
Жалпы республикада дауыс беруге арналған 10 101 учаске бар. 53 шет мемлекетте 68 сайлау учаскесі жұмыс істейді.