Басты бетҚоғам19 қараша...

19 қараша — кезектен тыс президент сайлауы алдындағы «тыныштық күні»

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Қазақстанда 20 қарашада 10 мыңнан астам сайлау учаскесі жұмыс істейді. Алматы, Астана және Шымкентте 86 учаске 06.00-де ашылады. Қалғаны сағат 07.00-де жұмысын бастайды.

Орталық сайлау комиссиясы президенттікке алты кандидатты тіркеген: «Халықтық коалиция» кандидаты, қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев, кәсіби әлеуметтік жұмысшылардың ұлттық альянсы кандидаты – Қарақат Әбден, жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан Нұрлан Әуесбаев, «Ауыл» кандидаты Жигули Дайрабаев, «Аманат» кәсіподақтар достастығы атынан Мейрам Қажыкен және «Қазақ аналары — дәстүрге жол» кандидаты Салтанат Тұрсынбекова.

Былтырғы сайлау заңнамасына өзгерістерден кейін бюллетеньге «Бәріне қарсымыз» графасы да енгізілген.