Басты бетЖаңалықтарАлматыда құрылыс материалдарын сататын сауда бутиктері өртенді

Алматыда құрылыс материалдарын сататын сауда бутиктері өртенді

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сағат 13:56-да Алатау ауданындағы, Ырысты, 46/2А көшесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер 5 минут ішінде жалпы алаңы 80 шаршы метр болатын өртті ауыздықтады. Өрт сағат 14:25-те сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ, — делінген хабарламада.