Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл жүргізушілерге автожолдардың ахуалы жайлы, жол бойындағы қызмет көрсету нысандарының орналасқан жері туралы ақпарат беріп қана қомай, жолдардың ақылы учаскелері және кері байланысты орнатуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ауа райы мәліметі жөніндегі ақпарат та қосымшада болады, — делінген хабарламада.
Мобайл қосымшаны іске қосу алдағы қараша айының соңына жоспарланып отыр.
Министрлік сонымен қатар бүгінде жол секторын цифрландыру мәселесі қолға алынғанын да атап өтті. Нәтижесіенде ақауларды дер кезінде анықтап, жою арқылы автожолдарды жөндеуге жұмсалатын шығындарды оңтайландыруға мүмкіндік туындаған.
Осылайша, күрделі шығындар азаяды деп болжанып жатыр. Биыл осы жүйенің көмегімен республикалық маңызы бар жолдардың 67%-не (2023 жылдың соңына дейін 100%) жол жамылғысының ақауларына бағалау жүргізу жоспарланған, — дейді ведомстводағылар.