2022 жылғы 17 қарашада сот шешімімен тергеу органдарының күдіктіге қатысты қамауда ұстау мерзімін 8 айға, яғни 2022 жылдың 21 желтоқсанына дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды, — делінген сот хабарламасында.
Еске салайық, Қайрат Құдайберген 22 сәуірде ұсталған болатын. Артынша, прокуратура алматылық мәслихат депутаты Алматыдағы қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікке ілінгенін растады.