Оның бұл туындыларына қарап өзіңізді құдды бір ергежейлі сезініп қалуыңыз мүмкін. Шебердің бұл еңбекті қалай жасағаны жұмбақ күйінде қалып отыр. Ромуло таңғажайып туындыларын жыл сайын әр түрлі көрмелерге апарады. Сонымен, шебердің туындыларын тамашалап, тамсана отырыңыз!
Кішкентай немесе тым жіңішке дүниені көргенде «шырпыдай», «шидей» деп жатамыз. Ал мына суретке бұл теңеу лайық емес секілді.
Қаламның қақпағын да кішкентай көреміз. Жоғалтып алсаң — табуың қиын. Ал оның мынадай түрі алыстан көзге ұрып тұратыны белгілі.
Қолғапты қолға киеміз. Ал оның ұзындығы бойыңмен бірдей болса ше?
Тістелген нанның осындай көлемді болғанын көріп пе едіңіз? Бұл нанның тілімі қанша адамның қарнын тойғызуға жетеді деп ойлайсыз?