17 қарашада сағат 6:15-те Қарағанды облысының Қарағанды-Сортировочная-Ақадыр учаскесінің Қарабас — ОП 767 учаскесінде жүк пойызының 14 вагоны рельстен шығып кетті. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, — делінген хабарламада.
Бұл учаскеде жолаушылар және жүк пойыздарының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Алдын ала болжам бойынша, рельстен шығу жеке меншікке тиесілі вагондардың дұрыс жұмыс істемеуінен болған. ҚТЖ-да болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.
Оқиға орнына Қарағанды, Жаңаарқа, Астана станцияларының үш қалпына келтіру пойызы жұмылдырылған.