Басты бетЖаңалықтарАлматыда көктайғаққа...

Алматыда көктайғаққа қарсы 3 000 тоннаға жуық қоспа шашылды

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, көктайғақтың алдын алу мақсатында коммуналдық қызметтер жолдарға 2 856 тонна құм мен тұз қоспасын шашып шықты.

Қар күреуге түнгі кезеңде 414 техника, оның ішінде 126 құмшашқыш, сонымен қатар 379 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Бүгін таңертең қала көшелеріне 452 техника мен 1 280 жұмысшы шықты.

Аудан әкімдіктері мен қала әкімдігінде қар күреуді бақылау бойынша тәулік бойғы кезекшілік ұйымдастырылды.

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамы бойынша, бүгін күндізгі уақытта жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы күндіз – 0…+2 градус.

қар, қар күреу, қар тазалау
Фото: Алматы әкімдігі

Қардың түсуіне және ауа температурасының төмендеуіне, тұманға, жолдар мен тротуарлардағы ауа ылғалдылығының жоғарылауына байланысты көктайғақ, мұз пайда болады деп болжанып жатыр. Жүргізушілерді апаттар қаупінің жоғарылауына байланысты жылдамдықты төмендетуге, автомобильдер арасындағы қашықтықты арттыруға және маневр жасаудан аулақ болуға шақырамыз. Жаяу жүргіншілерден тротуарларда жүргенде абай болуды, шұғыл қажеттіліксіз үйден шықпауды сұраймыз,- делінген хабарламада.