Президент Алматыда болуы мүмкін жер сілкінісін дәл болжау және ертерек ескерту өте маңызды екенін айта келе, 2025 жылға қарай 28 сейсмикалық станцияны орнатуды аяқтауды, кейіннен оларды Қырғызстанның ерте хабарлау жүйесімен біріктіруді тапсырды. Сонымен қатар қалада төтенше жағдайлар туралы дыбыстық хабарламаларды жіберу мүмкіндігі бар біріктірілген ескерту жүйелерінің жұмысын жүргізу жүктелді. Осы орайда әкімдік ситуациялық орталықтың қызметін толық іске қосуы керек.
Орталық бейнебақылау, жолдағы трафиктен, қоңырау шалу белсенділігінен және әлеуметтік инфрақұрылым жүйелерінен алынған деректерді біріктіруі керек, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.