Мәселен, Түркістанда өңір жұртшылығымен, ақсақалдармен және қоғамдық пікір көшбасшыларымен кездесу өтіп, оған 350-ге жуық адам қатысты. Сайлаушылармен әңгімелесу кезінде кандидаттың сайлауалды бағдарламасының өңірлерді дамытуға және ауылдағы әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға арналған блогына ерекше назар аударылды.
Республикалық қоғамдық штабтың басшысы Ерлан Қошанов кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев жақын арада азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты бірқатар мәселені, соның ішінде ауылдық жердегі проблемаларды түбегейлі шешуді ұсынып отырғанын атап өтті.
«Экономикалық бастамаларды ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік қызметтерді айтарлықтай жақсартуды көздейтін ауылдық аумақтарды дамыту Тұжырымдамасы әзірленеді. Әрбір қалада, аудан орталығында, ірі ауылда сапалы медициналық көмек көрсетіледі. Ауылдық жерде жаңа жабдықпен жарақталған, білікті медицина қызметкерінен жасақталған 700 жаңа медициналық нысан ашылады. Жалпы, төрт миллионнан астам ауыл тұрғыны қосымша мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмекпен қамтылады», – деді Ерлан Қошанов.
Бұдан соң, жергілікті жылыжайлардың бірінің алаңында РҚШ мүшелері шаруалар мен ауыл жастарына сайлауалды бағдарламада көрініс тапқан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру шараларын түсіндірді.
7 жылда 1 миллионнан астам ауыл тұрғынын қамтитын ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуға 1 триллион теңге бөлу жоспарланып отыр. Кооперативтік кәсіпкерлікке барлық жеке қосалқы шаруашылықтың жартысы тартылады. Соның нәтижесінде ауыл шаруашылығында 350 мыңнан астам сапалы жұмыс орны пайда болады. Конкурстық негізде жас кәсіпкерлерге жылдық 2,5% жеңілдікпен несие беріледі.
Осы күні штаб мүшелері салынып жатқан Мұз сарайына барып, құрылысшылармен әңгімелесті. 100-ден астам адам қатысқан кездесу барысында РҚШ мүшелері кандидаттың еңбек адамын қолдау жөніндегі басымдықтарына назар аударды. Осылайша, жұмысшы құқықтары мемлекеттің қатаң қадағалауымен және күшті кәсіподақтармен қамтамасыз етілетін бәсекеге қабілетті және қауіпсіз еңбек ортасы құрылады.
Дайындаған: республикалық қоғамдық штаб
Астана қаласы, Қонаев 12/1
Тапсырыс беруші: М.Ж.Оспанов
Қазақстан Республикасы президенттігіне үміткер Қ.К.Тоқаевтың сайлау қорынан төленді.