Ыстамбұлдың орталық аудандарының бірінде жарылыс болды

Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы нақты мәлімет жоқ. Көліктің өртену себебі анықталып жатыр.

Кейбір ақпарат бойынша, өрт алдымен бір көлікті шарпыды, кейін жалын тұрақта тұрған өзге машинаға ауысты. Оқиға Ыстамбұлдың негізгі көрікті орындары — Айя-София мешіті және Көк мешіт орналасқан жерден 5 шақырым жерде – Қожа Мұстафа көшесінде болды.

Өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтады.

Еске салсақ, 13 қарашада Ыстамбұлдың Бейоглу ауданындағы Истикляль жаяу жүргіншілер көшесінде жарылыс болды. Салдарынан 6 адам қаза болып, 53 адам жараланды.