Шахтада болған жарылыстың тергеу қорытындысы 23 қарашада белгілі болады. Комиссия жұмыс істеп жатыр. Қарағандыда БАҚ өкілдерін жинап, қорытындысын жариялаймыз, — деп жауап берді министр.
Еске салайық, 3 қарашада Қарағанды облысының Шахтинск қаласында «АрселорМиттал Теміртау» шахталарының бірінде газ шықты. Салдарынан 5 жұмысшы қаза болды.