Басты бетЖаңалықтарЖозеп Боррель...

Жозеп Боррель Қазақстанға ресми сапармен келеді

Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Еуропалық одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі — Еуропалық комиссияның вице-президенті Жозеп Боррель 2022 жылғы 16-17 қарашада Қазақстанға ресми сапармен келеді. Сапар аясында Жозеп Боррельдің Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары — сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен және мемлекет басшылығымен екіжақты кездесулері жоспарланған, — деді брифингте сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Келіссөздер барысында өзекті өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасып, тараптар Қазақстан — Еуропалық одақ екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылайды.