Басты бетЖаңалықтарМинистр: «АрселорМиттал...

Министр: «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына нақты талаптар қойылды

Біздің мақсатымыз — «АрселорМиттал Теміртаудың» зиынды шығарындыларын 2025 жылға дейін 20% азайту. Осыған сәйкес бізге тапсыратын құжаттарында олар нақты іс-шараларды көрсетуі тиіс. Егер нақты шешімдерін ескермесе, экология саласындағы рұқсат құжаттарын бермейміз, — деді министр мәжілістегі үкімет сағатынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Осы орайда министр алдағы сәрсенбіде Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесетінін айтты.

Сапар аясында Теміртауға барып, үлкен жиналыс өткізбекпіз. Онда «АрселорМиттал Теміртаудың» және экология мәселелері көтеріледі, — деді Серікқали Брекешев.

Еске салсақ, мемлекет басшысы «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнында апаттар жиілеп, қайталана беретін жағдайға жеткенін айтып, компанияға тексеру жүргізу керектігі туралы айтқан болатын.