Алматыда жасырын казино ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды

13 қарашаға қараған түні ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бөлімшелері Алматыдағы ғимараттардың бірінде Сәтбаев көшесінің бойында жасырын казино ұйымдастырған қылмыстық топты ұстау бойынша арнайы іс-шара өткізді.

Тыйым салынған ойын мекемесі қаланың Бостандық ауданындағы көпқабатты үйдің жертөлесінде орналасқан. Ол жерге тек құпия сөз арқылы кіргізген.

Арнайы іс-шара кезінде казинода 20-дан аса келушілер болған, олардың арасында 30 жылдық тәжірибесі бар ойыншылар да бар. Іс-шара нәтижесінде 20-дан аса ойын жабдығы, ірі көлемдегі ақша, келушілердің аты-жөні жазылған тізім, ақшаның кіріс-шығыс жазбалары бар құжаттама тәркіленді, — делінген хабарламада.