Оның айтуынша, балық шаруашылығында қабылданып жатқан шаралар қазіргі проблемаларды шешу үшін жеткіліксіз. Көптеген түйткіл шұғыл шешімдерді талап етеді. Соның бірі заңсыз балық аулау фактілері, яғни браконьерлік.
Браконьерлікті төмендету мақсатында әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің әзірленіп жатқан жобасы аясында жауапкершілікті күшейтуді ұсынамыз. Ол айыппұлды 20 АЕК-тен 50 АЕК-ке дейін ұлғайту және бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін – 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу, — деді министр мәжілісте өткен үкімет сағатында.
Заң жобасы мәжіліске 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында енгізіледі. Сонымен қатар балық өңдеу кәсіпорындарының өндірістік қуатын толтыру үшін балықты салқындатылған және мұздатылған түрде экспорттауға тыйым салу мәселесі қаралып жатыр.
Министрдің айтуынша, балық аулау флотының кемелері мұнай танкерлері мен құрғақ жүктердің тарифтерімен бірдей. Портқа бір рет кіру – шамамен 500 мың теңге.
Егер килька өнімдерінің төмен бағасын ескерсек, бұл жоғары. Сондықтан Каспийдің теңіз балық түрлерін (килька, майшабақ, кефаль) игеру үшін заңнамалық деңгейде теңіз флотын жеңілдікпен кредиттеу немесе лизинг жолымен сатып алу мәселесін шешу қажет. Сонымен бірге порт қызметтеріне тарифтерді төмендету мәселесін пысықтау керек, — деді Брекешев.