Басты бетЖаңалықтарАқтауда кісі...

Ақтауда кісі өлтіруге оқталды деген күдікпен алты жігіт ұсталды

Ақтау қаласы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері бұзақылық ниетпен кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша 6 күдіктіні анықтап, қамауға алды.

Осы оқиғаға қатысушылардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесіне сәйкес, басқа ақпараттар жария етілмейді, делінген полиция хабарламасында.

12 қарашада Ақтаудағы «WOW» дәмханасында атыс болғаны хабарланды. Маңғыстау облыстық ауруханасына 19 жастағы екі азамат жеткізілген. Олардың біреуі оқтан жараланған, ал екіншісінде тізе буынының жабық жарақаты тіркелді.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберіліп, оқиғаның барлық қатысушыларын ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатқаны хабарланған болатын.