Басты бетЖаңалықтарРуслан Желдібай...

Руслан Желдібай президенттің ТМҰ саммитіндегі территориялық тұтастық туралы мәлімдемесін түсіндірді

Самарқандта өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бүгінгі саммитінде барлық мемлекеттің территориялық тұтастығын қолдау және БҰҰ жарғысын сақтау туралы президенттің бүгінгі мәлімдемесіне қатысты БАҚ-тан сұрақтар келіп түсіп жатыр. Осыған байланысты мемлекет басшысы бұл мәлімдемені Солтүстік Кипр Түрік Республикасына Түркі мемлекеттері ұйымында бақылаушы мәртебесін беру туралы өтінішіне орай жасағанын атап өткім келеді.

Қазақстан БҰҰ жарғысын және халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарын дәйекті түрде ұстанады. Президент бұл жөнінде бірнеше рет айтқан, — деп жазды Руслан Желдібай желідегі парақшасында.