Тоқаев ұйымның саммитінде сөйлеген сөзінде қазіргі геосаяси жағдайда елдер бір-бірінен технология тұрғысынан оқшауланып бара жатқанын атап өтті.
Қазақстан президентінің айтуынша, түркі елдерінің цифрлық дамуға ықпал ететін ІТ саласындағы соңғы жаңалықтарына жіті назар аудару керек.
Елдеріміздің ІТ-саласындағы қарым-қатынасын жандандырған жөн. Соңғы кезде геосаяси ахуалға байланысты мемлекеттер бір-бірінен технологиялық тұрғыдан оқшауланып жатыр. Түркі елдерінің IT-саласына қатысты тың тәсілдер әзірлеуі айрықша маңызды. Бұл біздің цифрлық дамуымызға жол ашады. Жуырда Астанада Digital Bridge атты халықаралық іс-шара өтті. Онда ІТ-саласында жұмыс істейтін креативті жастарымыз бас қосып, бастамалары мен озық идеяларын ұсынды. Сонымен қатар мемлекеттеріміздің IT-хабтары арасындағы өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды, — деді Тоқаев.