Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.
37 жастағы Мұхит Исаханов автопаркте тағылымдамадан өтіп жүрген. Сол 98-ші бағыттағы автобус жүргізушісінің жанында тұрған. Екі автобус соқтығысқанда марқұм автобустың салонынан ұшып кеткен. Қоғамдық көлік оны жаншып өткен. Мұхит үйдің жалғыз асыраушысы, оның артында анасы, жары мен кәмелетке толмаған екі баласы қалды.
Баламның өлгеніне сенген жоқпын. Тергеуші хабарлап айтты. Қайта-қайта сұрадым. Ақыры баламнан айырылып қалдым. Негізі, мамандығы жүргізуші ғой. Алдында Байсерке маршрутында істеді. Баламның артында екі баласы қалды. Оңай емес. Келінім қалды, жап-жас. Балам да жастай кетті, — дейді анасы Қарлығаш Исаханова.
Компания өкілі ол сол күні автопаркке келмегенін айтты. Автопарк мәліметінше, барлық ақпарат ішкі тергеуден кейін берілген.
Тергеу жалғасып жатыр.