24 ақпанға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидрометтің " хабарлауынша, бүгін республикамыздың кей жерлерінде ауа райы жауын-шашынды болса, бірқатар аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болып, аздап қар жауады, жел күшейеді.

Фото: Reuters.com

Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды облыстарында, түнде Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ деп болжануда. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Ақтөбе, Қостанай облыстарының бірқатар аймақтарында аздап боран соғып, тұман, көктайғақ болады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version