Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды облыстарында, түнде Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ деп болжануда. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.
Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ақтөбе, Қостанай облыстарының бірқатар аймақтарында аздап боран соғып, тұман, көктайғақ болады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.