Басты бетЖаңалықтарМемлекет басшысы...

Мемлекет басшысы Көпен Әмірбектің отбасына көңіл айтты

Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Көпен Әмірбекұлы бірқатар республикалық басылымдарда ұзақ жылдар бойы жемісті жұмыс істеді. Ұлттық сатира жанрының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Соңына әдеби мол мұра қалдырған Көпен Әмірбекұлының есімі ұмытылмайды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.

Еске салайық, кеше 73 жасқа қараған шағында танымал сатирик Көпен Әмірбек өмірден озған еді.